Google жұмысында ақау пайда болды

13:54, 18 сәуір 2019

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz  – Бейсенбіге қараған түні Google іздеу жұмысында және Gmail пошта қызметінде ірі ақау пайда болды, — деп хабарлайды РИА Новости. 

Бұл танымал интернет-ресурстарында ақаулар мен істен шығуды зерттейтін Downdetector сайтының мәліметінде көрсетілген. 

Көбіне америкалық қолданушылар шағымданған, олар сайтқа кіріп, жеке аккаунтына кіру кезінде қиындықтар болғанын жазған. 

Сондай-ақ, Аустралия, Жапония, Ресей, Украина және Ұлыбританияда осы қиындықтар байқалған.  

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!