Google белоруссиялық ІТ компанияны сатып алды 

15:11, 17 тамыз 2017

Минск. 17 тамыз. 7kun.kz — Google белоруссиялық Aimatter атты IT-компанияны сатып алды. «Біз команданың Google-ге қосылғанын қуана хабарлаймыз», делінген компанияның хабарламасында.

Сатып алу көлемі туралы ақпарат жоқ. Белоруссиялық компанияның ең танымал өнімі — фотосуреттердің фонын өзгертетін Fabby қосымшасы. Технология нейрожүйелерді қолдану арқылы жасалады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!