Ғали Есқалиев БҚО әкімі болып тағайындалды

15:50, 13 маусым 2019

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып Ғали Есқалиев тағайындалды, — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ғали Есқалиев 1970 жылы туған. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «Экономика», Халықаралық бизнес академиясын «Менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.

Әр жылдары «Тұран-Әлем банк» АҚ Орал қаласындағы филиалында маман, бөлім басшысы, «Темірбанк» АҚ филиалының директоры, БҚО Кәсіпкерлікті қолдау және даму департаментінің директоры, «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Астана қаласы әкімдігі қалалық Ортаны регенерациялау басқармасының басшысы, Жамбыл, Ақтөбе облыстары әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!