Freedom Holding 5 млн-нан астам акция орналастырды

17:43, 20 наурыз 2018
409

Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz – Freedom Holding Corp. бір акцияға 5,5 доллар орналастыру бағасы бойынша 5 426 612 қарапайым акцияларды сату жөнінде мәміле жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды finance.yahoo.com.

Компания барлығы 29,846,366 доллар тартты. Бұған дейін компания 2017 жылы желтоқсан айының аяғында акцияларды жеке орналастыруды жүзеге асырды. Соның нәтижесінде Freedom 11 045,00 доллар жинап алды.

«Инвесторларымыздан алған қызығушылық пен қолдау бізді жігерлендіреді. Біз қарқынды дамып келе жатқан құрылым болып саналамыз. Ол, өз кезегінде, клиенттерімізге тамаша қызмет көрсетуді жалғастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік қаржы нарықтарына қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады», – деді компанияның бас директоры Тимур Тұрлов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!