Фотошопты тегін үйренудің 7 жолы

12:27, 19 қазан 2017

Қазіргі уақытта әлемді түрлі-түсті бояулы «фотошоп» кадрларынсыз елестету мүмкін емес. Теңдессіз фото туынды шығару үшін сізге фотошоп жасаудың қыр-сырын үйрену жеткілікті. Сондықтан 7kun.kz фотошопты тегін үйренудің 7 жолын ұсынып отыр.

Adobe Photoshop Tutorials

Adobe Photoshop Tutorials  түрлі бейнеролик пен практикалық оқу құралдарын ұсынады. Олар сізге фотошоп жасаудың негіздерін үйретеді. Уақыт өте келе жаңа технологиялар арқылы фотосуреттерді редакциялауға қол жеткізесіз.

Бұл бірнеше үйрету  ресурстары бар алаң. Тіркелгеннен кейін сізге видео түріндегі сабақтарды қарауға рұсат береді. Ол сабақтар фотошоп жасаудың негіздерін үйретеді. Оның көптеген оқыту бағдарламасы тегін. Тіркеліп, өзіңіз туралы ақпараттарды толтырғаннан кейін сізге қосымша фотошоп жасаудың тиімді түрлерін толық  үйренуге мүмкіндік бар.

Бұл бағдарламадада нағыз керек ақпараттар сатылады. Дегенмен, фотошоп үйрену үшін аса қымбат емес . Кейде бағдарлама сайтында жаппай жеңілдіктер де болып тұрады. Оның басқа бағдарламалардан артықшылығы көптеген тілде қол жетімді болуында. Қазақ тілінде болмағанымен орыс тілінде сапалы фотошоп жасаудың жолдарын үйрене аласыз.

GFCLearnFree.org тегін оқулық ұсынады. Онда 10 негізгі сабаққа және 5  қосымша функциямен жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар, бірден үйренгендеріңізді тәжірибе жүзінде іске асыра аласыз. Бұл бағдарлама фотошопты енді үйреніп жүргендер үшін өте тиімді, әрі жеңіл.

Photoshop Essentials әр сабағы жаңадан үйреніп жүргендерге арналған. Сіздің фотошопты бағдарлама сайты немесе YouTube желісі арқылы үйренуге мүмкіндігіңіз бар.

Онда суреттерді Photoshop Essentials бетіне қалай ашуға болады деген сұрақтан бастап барлық іздегендеріңізді табасыз. Неғұрлым терең зерттеп, оқысаңыз соғұрлым көп мүмкіндікке ие боласыз.

Бейне-роликтер арқылы оқытатын сайттардың бірі. Photoshop Café оқыту ерекшелігі: әр түрлі тапсырма беру арқылы үйретеді. Мысалы:

  • Ағаш кесу;
  • Фигуралар ішіне мәтін жазу;
  • Қарандашпен алынған эскизге сурет салу, т.б.

Floqq алдымен «Adobe Photoshop-ты  30 күнде үйрену» атты тегін курс ұсынады. Сабақтар 30 қадамды қамтиды. Сондай-ақ әр қадамда кіріспе, қорытынды және бір видео болады. Жалпы сабақ барсында 32 бейне түріндегі дәрістер өтеді.

Мейірім Бақытжанова

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!