Forbes: әлемдегі ең үздік 50 қаржытех компания

13:59, 16 ақпан 2018
439

Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz — Американдық Forbes журналы үшінші рет қаржы техникасында жұмыс істейтін 2018 жылғы әлемдегі ең үздік 50 компания тізімін жариялады. Тізімнің 20 пайызынан астамын (50-дің 11-і) криптовалюта мен блокчейн технологияларымен байланысты жобалар алған.

Егер тізімді тартқан инвестициясына қарай сұрыптасақ, онда рейтингте американдық GreenSky жобасы көшбасшы. 2017 жылы 560 млн доллар инвестиция тартқан.

Екінші орында – Kabbage шағын және орта бизнеске онлайн-несиелеу қызметі. (500 млн доллар). Ал үшінші орынға 450 млн доллар инвестициясымен  Affirm жылдам несиелеу сервисі орнықты.

Блокчейн компаниялар арасында Coinbase криптобиржасы  көш бастап тұр(10-орын, 217 млн доллар). Robinhood айырбастау алаңы – 16-орын, 176 млн доллар. Сондай-ақ, төлем жүйелері үшін  Ripple платформасы 25-орын, 93,6 млн доллар.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!