Forbes Дуровты миллиардер деп мойындады

11:36, 19 ақпан 2018

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz — Ресейлік Forbes журналы “ВКонтакте” мен Telegram негізін қалаған Павел Дуровтың байлығын 1,7 млрд долларға бағалады. 2017 жылы 950 млн доллар болған, деп мәлімдеді rb.ru.

Forbes журналы Telegram-ның құнын 1 млрд долларға бағалады. Ал оның негізін қалаушы – Павел Дуровты – долларлық миллиардер деп атады.

Басылымның болжауынша, Telegram-ға арналған TON блокчейн платформасын іске қосса,  Дуровтың  байлығы бұдан да көп болуы мүмкін.

Forbes-тің Ресейдегі ең бай адамдар тізіміне Дуров алғаш 2016 жылдың ақпан айында кірген. Сол кезде басылым оның дәулетін 600 млн долларға бағалаған.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!