FlyArystan Нұр-Сұлтан- Мәскеу рейстеріне билет сатуды бастады

17:46, 21 қазан 2019
466

Алматы.  21 қазан. 7kun.kz  — FlyArystan Нұр-Сұлтан-Мәскеу-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша билеттер сатылымын ашты. Астаналар арасындағы ұшулар Airbus A320 ұшақтарымен 2019 жылдың 13 желтоқсанынан бастап жүзеге асырылады. Бұл туралы лоукастердің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұзақтығы 3 сағаттық күнделікті рейстер Н.Назарбаев айлағынан Жуковский халықаралық әуежайына орындалады. 180 орынды лайнерлер Нұр-Сұлтаннан сағат 22:10 ұшып, Мәскеуге сол күні 22.40-та қонады. Кері қарай рейс уақытының аралығы: сағат — 23:25 және 05:35.

«Мәскеу – ТМД елдері арасындағы тарихи, туристтік әрі іскери маңызы зор халықаралық орталығы болып есептеледі. Жуковский әуежайы болса, Ресей астанасының қарқынды дамып келе жатқан әуеайлағы екені сөзсіз. Былтырғы жылдың өзінде әуежай қызметін 1 миллионнан аса адам қолданып, жолаушылар саны 173% өскенін атап кеткен жөн. FlyArystan-ның операциялық қызметі жүзеге асырала басталғаннан бері Қазақстан қалаларының әуеайлақтарында жолаушылар саны орташа есеппен 30-35% артты. FlyArystan ресейлік нарыққа да жағымды әсерін қалдырады деген нық сенімдеміз. Оны жолаушылармен қатар, Жуковский әуежайы да сезінеді деген ойдамыз», — деді FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтаннан орындалатын сапарлар құны 19 999 теңгеден басталады. Әуе компанияда бұл баға қазіргі нарықтық бағадан 60% төмен екенін атап өтті. Мәскеуден шығатын жолаушылар билетті 3333 рубльден бастап сатып алады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!