FlyArystan Нұр-Сұлтан-Қостанай бағытын қайта ашты

09:53, 14 қараша 2019

Алматы. 14 қараша. 7kun.kz — FlyArystan отандық лоукостері Нұр-Сұлтан-Қостанай-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша қатынайтын рейстердің билеттерін қайта сата бастады. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Күнделікті рейстер лоукастердің төртінші 180 орынды Airbus A320 ұшақтарымен 18-ші желтоқсаннан бастап орындала бастайды.

Билеттің ең төменгі құны 5999 теңгеден басталады, бұл осы бағыт бойынша нарықтағы қазіргі бар ең төменгі бағалармен салыстырғанда 41%-ға аз.

Еске сала кетейік, әуе айлағын жаңғырту үшін Қостанай халықаралық әуежайының ұзақ мерзімге жабылуына байланысты қазан айында ұшу билеттерін сату тоқтатылды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!