FlyArystan алғашқы халықаралық рейсін орындады

17:24, 13 желтоқсан 2019
451

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz — Бүгін FlyArystan бірінші қазақстандық лоукостері «Нұр-Сұлтан — Жуковский — Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша төртінші Airbus A320 ұшағында өзінің инаугурациялық халықаралық рейсін өткізді.

Әуе кемесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында авиатасымалдаушының флотын толықтырды.

Билеттерді бір бағытқа стандартты бағамен 19,999 тг / 3,333 рубльден және жарнамалық бағамен 9,999 тг / 1690 рубльден бастап flyarystan.com веб-сайтында 2020 жылдың 24 қазанына дейінгі рейстерге сатып алуға болады.

«Эйр Астана» президенті мен бас атқарушы директоры Питер Фостер FlyArystan арқасында Ресей астанасын көптеген адамдар өз көздерімен көре алады деп санайды.

«Қазақстандық лоукостердің пайда болуымен жеті ай ішінде Қазақстанның ішкі авиатасымал нарығы қарқынды дами бастады, сегіз әуежайда жолаушылар саны орта есеппен 35%-ға артты. Қазан айында жаңа борттың пайда болуымен екі айда бұл көрсеткіш 58%-ға жетті. Біз нарықта өзімізді халық үшін сенімді және ең бастысы — қол жетімді әуе компаниясы ретінде таныттық. Сондықтан, біз аймақтық әуе сапарларынан кейін қазақстандықтар Ресейден бастап, басқа елдерді көргісі келетініне сенімдіміз. Ал көршілес Ресейдің саяхатшылары Қазақстанға сапар шегеді», – деді «Эйр Астана» президенті Питер Фостер.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!