Fly Arystan-ның билеттері наурыздың соңында сатылады

10:56, 18 наурыз 2019
376

Алматы. 18 наурыз. 7kun.kz – Fly Arystan 2019 жылғы наурыз айының соңында әуе рейстеріне билет сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетіне хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, «Эйр Астана» әуе компаниясымен бірге бюджеттік авиакомпанияны іске қосу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

«2019 жылдың 29 наурызында жаңа компанияның коммерциялық рейстеріне билет сату басталады деп күтілуде», – деді комитетте.

Бұдан бұрын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жаңа әуе компанияның рейстерінің бағасы басқа тасымалдаушыларға қарағанда екі есе арзан болады деп мәлімдеді. Егер Қазақстан бойынша «Эйр Астана» билеттерінің орташа құны – әр түрлі бағыттарды ескере отырып, 100 долларға жуық (Ұлттық банк бағамы бойынша 1доллар – 375,8 мың теңге) болса, Fly Arystan-да 40-45 доллар (15-17 мың теңге) көлемінде болмақ.

Айта кетейік, лоукостер 2019 жылдың мамырынан бастап Алматыдан Астанаға, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Таразға күнделікті ұшуларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Жоспарға сәйкес, бастапқы кезеңде парк «Эйр Астана» паркінен бөлінетін 180 орындық эконом-классты төрт Airbus A320 ұшағынан тұрады. 2022 жылдың соңына қарай лайнерлердің санын 15-ке дейін арттыру жоспарлануда.

“Эйр Астана” президенті Питер Фостер бюджеттік авиакомпания EasyJet Airline Company Limited, IndiGo, Cebu Pacific Air және AirAsia сияқты классикалық лоукост-модель бойынша жұмыс істейтіндігін мәлімдеді. Орта мерзімді перспективада жақын шетел бағыттары бойынша маршруттық желіні кеңейту күтілуде. Фостердің айтуынша, жаңа әуе компаниясы рейстер іске қосылғаннан кейінгі екінші жылдан бастап кіріс әкеле бастайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!