Fitch Halyk Bank рейтингін «BB»-дан «BB+»-ке дейін көтерді

15:23, 5 желтоқсан 2019

Алматы. 05 желтоқсан. 7kun.kz — Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі Halyk Bank эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BB» деңгейінен «BB+» деңгейіне көтерді. Сондай-ақ, банктің қаржылық тұрақтылық рейтингі Қазақстанның банк секторындағы ең жоғары саналатын «bb+» (Viability Rating) деңгейіне дейін көтерілді. Қаржылық тұрақтылық рейтингі Банктің сыртқы қолдауды қоспағанда рейтингін көрсетеді (жеке негізде).

Рейтингтің жоғарылауына таза проблемалы активтердің капиталға арақатынасының төмендеуі ықпал етті.

Рейтинг бойынша оң болжам, орташа қосымша провизияның, капиталды одан әрі ұлғайтудың және проблемалық қарыздарды өтеудің, оның ішінде кепілді қамтамасыз етуді сату есебінен өтеудің арқасында проблемалық активтердің капиталға деген осы арақатынасы орта мерзімді перспективада одан әрі төмендеуге тиіс екендігіне қатысты Fitch үміттерін көрсетеді.

Сонымен қатар, рейтинг нарықтағы мықты позицияны, тәуекелдердің консервативті саясатын, банктің мықты менеджмент командасын және активтердің сапалы құрылымын көрсетеді.

Fitch пікірінше, банктің айтарлықтай капиталдандырылуы мен өтімділігінің жастығы, сондай-ақ бірнеше экономикалық циклдер ішіндегі қызметтің әсерлі қаржылық нәтижелері оған экономикалық жағдай нашарлаған жағдайда да өзінің мықты позицияларын сақтауға көмектеседі.

Сондай-ақ, Fitch маржаның тұрақты деңгейінің және операциялық шығындарды жақсы бақылаудың арқасында Банктің жоғары және тұрақты табыстылығын атап өтті және сонымен қатар бұл тенденция таяу жылдарда тұрақты болады деп күтеді.

«Бұл рейтингтік әрекет — банк үшін маңызды. Ол банктің дағдарысқа дейінгі кезеңінде болған рейтингтік баға деңгейін қайтаруды білдіреді. . Банк бұл рейтингті соңғы рет (BB +) 2008 жылдың қарашасында алған. Содан бері Банк бірнеше экономикалық циклдерден өтті. Біз таңдаған даму стратегиясы, ұстанымымыз бен бүкіл банк командасының жұмысы барлық қиындықтарға қарамастан, бізге халықаралық рейтинг агенттігі бағалайтын нәтижелерді дамытуға және алуға көмектесті. Соңғы рет рейтинг 2014 жылдың қаңтарында ВВ деңгейіне дейін көтерілген. Рейтингтің осындай көтерілуі Банктің бірқатар бағыттардағы күнделікті жұмысын көрсетеді. Бұл салымшылардың қаражаттарының сенімділігін, өтімділіктің жоғары деңгейін, тәуекелдерді дұрыс басқаруды және проблемалық активтермен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді. Банк тиімділік көрсеткіштерін жақсарту және цифрландыру стратегиясын іске асыру бойынша жұмысын жалғастыруда, бұл қызмет көрсету сапасына және Банктің өнімдері мен қызметтерінің ыңғайлылығына оң әсер етеді », — деп түсіндірді Қазақстан Халық Банкі басқармасының төрағасы Үміт Шаяхметова.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!