«Филип Моррис Интернэшнл» компаниясының басшылары ауысты

16:56, 24 желтоқсан 2020


Андре Каланцопулос «Филип Моррис Интернэшнл» (ФМИ) компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ол қызметіне 2021 жылдың мамыр айында кірісед
і.

Қазіргі төраға Луи Камиллери жеке себептерге байланысты қызметтен кетуге өтініш білдірген. Жаңа төраға қызметіне кіріскенге дейін компанияның тәуелсіз төрағалық етуші директоры Лусио Ното уақытша төраға қызметін атқарады.

Компаниядағы қызметтік өзгеріс мұнымен аяқталмайды. ФМИ-дің қазіргі бас операциялық директоры Яцек Ольчак мамыр айындағы акционерлер жиналысынан кейін компанияның бас директоры ретінде Каланцопулостың орнын басады. Яцек Ольчак компанияның Директорлар кеңесіне сайлану үшін де ұсынылады деп күтілуде. Ол 2018 жылдың қаңтарынан бастап ФМИ бас операциялық директоры қызметін атқарды және бұрын 2012 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін қаржы директоры қызметінде болды.

Яцек Ольчак 55 жаста, Филип Моррис компаниясында үлкен еңбек тәжірибесіне ие. 1993 жылы компанияға келіп, ол бүкіл Еуропада дәйекті түрде қаржылық және басқарушылық лауазымдарды атқарды. Оның ішінде Польша мен Германиядағы ФМИ нарықтарының басқарушы директоры, сондай-ақ 2012 жылы ФМИ қаржы директоры лауазымына тағайындалғанға дейін Еуропа аймағының президенті қызметін атқарды. Яцек Ольчак Польшаның Лодзин университетінде экономика магистрі дәрежесін алған. Директорлар кеңесі бұдан бөлек жаңа директор Мишель Комбсты да тағайындап, ол өз қызметіне кірісті. 

«Мен басқарма төрағасының рөлін Андреге бергеніме қуаныштымын. Сондай-ақ 2021 жылдың мамыр айынан бастап Яцектің компанияның басшылық тізгініне отыратынына қуаныштымын. Оның ФМИ-мен бірге жүріп өткен жолы мен көшбасшылық қасиеттерін ескерсек, ол – Андренің лайықты мұрагері. Компаниядағы 40 жылдық мансабым туралы ой қозғай отырып, мен компанияға, оның директорлар кеңесіне, оның қызметкерлері мен акционерлеріне қызмет етуді артықшылық ретінде бағалаймын. Біз бірге жүзеге асырған және ФМИ-ді әлемдегі жетекші және ең прогрессивті темекі компаниясына айналдырған осы таңғажайып сапарымыз үшін барлығыңызға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Мен компанияның сенімді қолда екендігіне және жаңа басшылықтың түтінсіз бизнес туралы біздің көзқарасымызды жүзеге асыра алатындығына шын сеніммен отставкаға кетіп барамын», — дейді Луи Камиллери.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!