Еуропа елдерінде ең көп сатылған автокөліктер анықталды

10:47, 22 маусым 2018

Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – Сарапшылар 2018 жылдың қаңтар-мамырында Европаның 44-елінде, оның ішінде Ресей, Украина, Түркия мен Молдовада ең көп сатылған жаңа автокөліктер модельдерін анықтады, деп хабарлады RNS.

Focus2Move есептеулері бойынша, рейтингті 243 мың көлікке жуық көрсеткішпен VolkswagenGolf бастап тұр, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 8,1%-ға жоғары, сондай-ақ көшбасшылар ішінде VW Polo (161 мың және 3,6%-ға сатылымы төмендеген) және RenaultClio (161 мың, +0,3%) бар.

2018 жылдың басынан бері Европада ең көп сатылған жаңа автокөліктер моделінің алғашқы ондығына FordFiesta (136 мың), NissanQashqai (132 мың) SkodaOctavia (125,5 мың) және VolkswagenTiguan (125,3 мың) кірді. Сондай көшбасшылардың алғашқы ондығында – FordFocus (117 мың), Peugeot 208 (113 мың) және Citroen C3 (101 мың) бар.

Сарапшылар 5 ай ішінде Ресей мен басқа да елдердегі LadaVestа сатылымының 44%-ға, 41,5 мыңға дейін өскенін анықтады, бұл аталған модельге рейтингтегі үздік жүздікке еніп, 70-тен 56-орынға дейін көтерілуіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ LadaGranta сатылымдары 10,3%-ға, 38,3 мыңға дейін артқан, бірақ оның рейтингтегі орны 55-тен 65-орынға дейін түсіп кетті.

2009 жылдан бері әлемдегі жеңіл автокөліктер сатылымы жылына 2—3%-ға артып келе жатыр. Соңғы бес жыл ішінде жаңа автокөліктердің әлемдік сатылымы 80 миллионнан 94 миллион бірлікке дейін өскен. 2018 жылы көлік нарығы 98 млн жеңіл автокөлікке дейін өсіп, ал 2019 жылы сатылым 100 млн бірліктен асады деген болжамдар бар.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!