Еуразия даму банкі Қазақстанның 30 жобасын қаржыландырады

20:41, 16 ақпан 2017
488

Биыл Еуразия даму банкі Қазақстанның 30 жобасын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Инвестиция ауқымы шамамен – 1 млрд доллар. 

Бұл ақшаның басым бөлігі тау-кен өндірісі, құрылыс, энергетика және телекоммуникация салаларын дамытуға бағытталмақ. 

Банк ауыл шаруашылығын қолдауға да дайын. Бірақ талаптары бар. Саланы басқару жүйесін жетілдіру керек деген.

Дмитрий Панкин, Еуразия даму банкінің басқарма төрағасы

-Біз бұған дейін ауыл шаруашылығы саласына 60 млн доллар қаржы құйған едік. Алайда жоба сәтсіз аяқталды. Салынған қаржы қайтпады. Астық өндірісімен айналысатын компания көп ұзамай банкротқа ұшырауы мүмкін. Соған қарамастан аталған салаға қаржы бөлуге дайынбыз. Тек бұл саладағы менеджментті дамыту керек.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!