Есжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды

12:18, 12 сәуір 2019

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – Есжан Біртанов KASE Директорлар кеңесіндегі ҚР Ұлттық банкінің өкілі болып тағайындалды. Бұл туралы биржада хабарланды.

ҚР-ның «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңына сәйкес, KASE Директорлар кеңесінің құрамына Ұлттық банктің екі өкілі кіреді.

Айта кетейік, бұған дейін Құрманов Жанат Бостанұлы (Ұлттық банк төрағасының бұрынғы орынбасары) уәкілетті орган өкілдерінің бірі ретінде KASE Директорлар кеңесінің құрамына кіріп, кеңес төрағасы қызметін атқарды.

«KASE Директорлар кеңесінің таяудағы отырысында KASE Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау туралы мәселе қаралады, бұл туралы қосымша хабарланатын болады», – делінген биржаның хабарламасында.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!