Ескі үлгідегі 500 теңгелік банкнота айналымнан шығады

18:33, 16 сәуір 2020
3584

2020 жылғы 10 маусымда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік қағаз ақшаның айналымнан шығарылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады. Оған дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы саналады. 

2020 жылғы 10 маусымнан кейін:

  • банктер12 ай ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды және қолданыстағы ақшаға айырбастайды;
  • Ұлттық Банктің филиалдары банктердің қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталған соң тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды, сондай-ақ айырбастайды.

Осылайша, 2020 жылғы 10 маусымнан кейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылмайды.

Бұл 500 теңгеліктің орнына2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналыста болады. 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір