Әсел Тасмағамбетова, Кеңес Рақышев, Вячеслав Ким мен Рашит Махат жас кәсіпкерлерге 300 мың доллар тапсырды

16:21, 7 наурыз 2020
1454

5 наурыз күні «Өз бизнесіңді қалыптастыр» конкурсы жетінші рет мәреге жетіп, жеңімпаздары мараптталды. Дәстүрлі конкурс биыл конкурс рекордқа толы болды. Финалистер саны 11 болса, жүлде қоры 300 мың доллардан асты. Сондай-ақ меценаттар қатарына Powerry компаниясының негізін салушы Рашит Махат қосылды.

«Өз бизнесіңді қалыптастыр» – қазақстандық жас кәсіпкерлердің жобаларын қолдауға арналған. Өткен алты жылда меценеттар 49 кәсіпкерді қолдап, 1 280 000 доллар бөлді. Биыл конкурсқа 900 өтінім түскен, шорт-листке олардың 36 ілінді. 

Биыл тұңғыш рет Microsoft компаниясы жобаның серіктесі болды. Олар қатысушыларға дәрістер өткізіп, тәжірибе бөлісті.

Соынмен қатар Ernst & Young компнаиясы да серіктестер қатарынан табылып, түрлі жылдары жеңімпаз болған 5 қатысушыға бизнес академияда оқуға сертификат берді.

Меценттар Вячеслав Ким мен Кеңес Рақышев, Махат Рашид, Әсел Тасмағамбетова «Фитомилла» жобасының авторы Дмитрий Шатовқа, «Әулет Есболат» шаруа қожалығының иесі Мұратбек Меңдіханға, Tazalyk жобасының авторы Айбек Рахымға, комбикорм зауытын салуды армандайтын Эрнес Абрамянға, құс фабрикасын ашқысы келетін Арқалықтан келген Сәбит Әбдіқадырұлына, OIKO тұрмыстық химия зауытын ашқысы келетін Үміт Қасымоваға, ғарыштық технологияларды жасаумен айналысатын Alfasat жобасына, бал шаруашылығын дамытқысы келетін Темірлан Ахмеджановқа, ауыз су жобасын ұсынған Абзал Нұржановқа, Бекзат Төлегеновқа грант тапсырды. Олардың ең азы  $10 000 басталып,  $30 000 дейін.

Ал бас жүлде $50 000 инсультты анықтайтын жасанды интеллект ойлап тапқан Дәурен Сейітқали мен Досжан Жүсіповке берілді. Бұл жоба Алматы, Шымкент, Орал қалаларында сәуір айында сынақтан өте бастайды. Грант қаражатын жоба авторлары коммерциялық нұсқасын аяқтап, жыл соңында қазақстандағы 60 инсульт орталығында енгізуге жұмсамақ.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!