Ернат Сыбанқұлов Бас көлік прокуроры болып тағайындалды

11:09, 12 сәуір 2019
841

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – Мемлекет басшысының келісімі бойынша бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтың 10 сәуірдегі бұйрығымен Ернат Сыбанқұлов бас көлік прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Ернат Сыбанқұлов 1973 жылы туған.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1995 жылы Алматы қаласы Мәскеу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастады.

Бұдан кейін Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы Түрксіб, Медеу аудандары прокурорының орынбасары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының, Алматы қаласы Алмалы, Медеу аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болып істеді.

2012-2017 жылдары Жамбыл облыстық прокуратурасын басқарды.

2017 жылдың тамызынан бастап Атырау облысының прокуроры.

Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 23 жылдан астам.

Сыныптық шені – 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. II дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.

Бүгін сондай-ақ Халидулла Дәуешов Атырау облысының прокуроры болып тағайындалғаны белгілі болды.

Ұзақ жылдар құқық қорғау саласының түрлі сатыларында қызмет атқарған тәжірибелі маман.

Ол бұған дейін Қызылорда облысының прокуроры болған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!