Енді балаларға арналған Kaspi Gold-ты 10 жастан бастап алуға болады

Балаларға арналған Kaspi Gold-ты ата-аналардың бірі немесе қамқоршысы өз картасына қосымша ретінде Kaspi.kz мобильді қолданбасында рәсімдеп, атаулы картаны 1 минутта кез-келген Kaspi Картоматта алуына болады.
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе: «Енді баршаға сүйікті Kaspi Gold картасын балалар үшін де рәсімдеуге болады. Сондай-ақ, балаларыңыздың телефонына Kaspi.kz қолданбасын ортанып бере аласыз. Біздің сүйікті кішкентай клиенттеріміз үшін интерфейс пен функционалын барынша оңтайландырдық. Біз ата-аналарға балаларын кішкентай кезден қолма-қол емес сатып алу мен өз қаражатын басқаруға үйретуге көмектесеміз деп үміттенемін». Ата-аналар Kaspi.kz ұялы қолданбасының көмегімен балаларына қалта шығындары үшін ақша аударып, шығындарын көріп, интернеттегі сатып алуды басқарып, ПИН-кодын ауыстырып, картаны бұғаттап/бұғаттан шығара алады.
Аты жазылған Kaspi Gold картасын алғаннан кейін балалар ақша аударып, қолма-қол емес сатып алуына болады және кез-келген банкоматтан айына 10 000 теңгеге дейін шешіп алады. Өз қолданбасында балалар ұялы байланыс, түрлі шараларға арналған билеттер, ойындар мен жолда жүру картасы үшін төлем жасай алады. Сондай-ақ, бонус жинап, оны жұмсай алады.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:52, 9 ақпан 2021
Кәсіпкер аналарға арналған гранттар бағдарламасы іске қосылды
-
19:52, 9 ақпан 2021
Кәсіпкер аналарға арналған гранттар бағдарламасы іске қосылды
-
15:37, 21 қаңтар 2021
2020 жылы шенеуніктер мемлекетке 245 сыйлық тапсырды
-
15:37, 21 қаңтар 2021
2020 жылы шенеуніктер мемлекетке 245 сыйлық тапсырды
-
11:16, 21 қаңтар 2021
Ұлттық Банк жаңа комитет құрды
Пікір