Еңбек биржасында 91 мыңнан астам адам тіркелді

16:28, 8 ақпан 2019

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылдың желтоқсанында Қазақстанда еңбек биржасында 91,6 мың жұмыссыз (экономикалық белсенді халықтың 1%) тіркелді.

2017 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда жұмыспен қамту қызметіне жүгінгендер саны 30,3%-ға өсті.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың желтоқсанында Қазақстандағы жұмыс күші 9,1 млн адамды құрады. Олардың ішінде жұмыспен қамтылған халық 8,7 млн адамға, ал жұмыссыздар – 445,1 мың адамға жетті. 2018 жылдың қараша айынан бастап жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде қалып отыр.

Бұл ретте жалпы ЕАЭО бойынша бұл көрсеткіш экономикалық белсенді халық санының 5%-іне тең. Осылайша, Арменияда жұмыссыздық деңгейі 20,2% (2018 жылдың II тоқсаны), Беларусьте – 4,8%-ті (2018 жылдың IV тоқсаны), Қырғызстанда – 6,9%-ті (2017 жыл), ал Ресейде – 4,6%-ті (2018 жылдың III тоқсаны) құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!