Ең жоғарғы жалақы қай өңірде?

11:02, 17 маусым 2019
462

Алматы. 17 маусым. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168,5 мың теңгені құрады, — деп хабарлайды Ranking.kz.

Нақты жалақы индексі алдыңғы тоқсанда 94,2%-ды, ал өткен жылдың бірінші тоқсанында 105,2%-ды құрады.

Өңірлер арасында орташа айлық жалақы бойынша Атырау облысы көш бастап тұр: бір қызметкерге 322,7 мың теңге, ал нақты жалақы индексі өткен жылы 108,6%-ды құрады.

Екінші орында-Маңғыстау облысы: 287,9 мың теңге, алайда нақты жалақы индексі 97,1%-ды құрады (яғни, сатып алу қабілеті 2,9% — ға төмендеді). Көшбасшылар үштігін Нұр-Сұлтан қаласы түйіндейді: 233,5 мың тг. 2018 жылдың бірінші тоқсанында нақты жалақы индексі 98,9%-ды құрады (сонымен қатар жылдық динамикада сатып алу қабілетінің төмендеуі байқалады).

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!