Ең сенімсіз телефондардың антирейтингі шықты

15:00, 15 шілде 2018
499

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz – Blancco компаниясының деректерінше, Samsung телефондары Android базасындағы ең сенімсіз смартфон болып  танылды.

Blancco мамандары 2018 жылдың бірінші кварталы бойынша смартфондардың антирейтингін жасады. Бұл тізімді  Samsung құрылғылары алғашқы болып бастаған. Зерттеушілер оңтүстіккореялық телефон ақауларын 27,5% бағалады.

Android базасындағы ең сенімсіз телефондардың рейтингін келесі болып Xiaomi 14% жалғастырады. Антирейтингтегі алғашқы үштікті Motorola 9,5% аяқтайды. Ал төртінші және бесінші орында Huawei мен InFocus смартфондары тұр.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!