Ең кедей өңір анықталды

10:57, 14 маусым 2019

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2019 жылғы I тоқсанда 4,1%-ды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен сәйкес келді. Бұл туралы ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады.

Ағымдағы жылғы I тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (10%), Жамбыл (5,4%) және Қызылорда (5%)  облыстарында байқалды, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан (0,5%) қаласында тіркелді.

Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары табыстар сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2019 жылғы I тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстарда 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,9 есені, азық-түлік емес тауарларға – 7,4 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 7 есені құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!