Елжан Біртанов: Ақтөбедегі 10 500 медициналық қызметкердің жалақысы өседі

15:13, 15 наурыз 2019

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов шілдеден бастап медицина саласының қызметкерлерінің жалақысы өсетіні туралы мәлімдеді.

«1 шілдеден бастап Ақтөбе облысы бойынша дәрігерлерден бөлек жалпы медициналық қызметкерлерді қосқанда 10 500 маманның жалақысы өседі. Әрине, бұл оларға үлкен мотивация болары анық», — деді министрі.

Сондай-ақ, Ақтөбе халқымен кездесу кезінде Денсаулық министрі облыста алдағы үш жылда 59 емдеу мекемесі ашылатынын хабарлады. Олардың 30-ы дәрігерлік амбулатория, қалғаны фельдшерлік медициналық пункттер болмақ.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!