Елордадағы «Бәйтерек» монументі жабылды

12:07, 18 қыркүйек 2019
490

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанның астанасында «Бәйтерек» монументі уақытша жабылды. Бұл туралы қалалық мәдениет және спорт бөлімі хабарлады.

«18-19 қыркүйекте ғимаратқа жоспарлы жөндеу жүргізілуіне байланысты «Бәйтерек» монументі жабылады», — делінген хабарламада.

Мәдениет бөлімі қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

«Бәйтерек» монументі 2002 жылы ашылып, қаланың көрікті орындарының тізіміне енді. Монументтің биіктігі 97 метр. Ішкі сәулет үш аймаққа бөлінген. Шар диаметрі 22 метр және салмағы 300 тонна.

Айта кетейік, 2018 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы ресейлік туристер арасында танымал 10 қаланың қатарына енді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!