Елорда әуежайының коды 2020 жылдың қаңтарында өзгереді

12:15, 17 қазан 2019

Алматы. 17 қазан. 7kun.kz — Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының жаңа коды 2020 жылдың қаңтарында бекітілуі мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Елордалық әуежайдың жаңа кодын бұқаралық ақпарат құралдардың талқылауына байланысты біз белгілі уақытты талап ететін және 2020 жылдың қаңтарында күтілетін IATA 763 қарарына түзетулердің күшіне ену процедуралары жүргізіліп жатқандығын хабарлаймыз», — делінген хабарламада.

Министрлік кодты өзгерту бастамасы 2019 жылдың 14 қазанында Варшавада ұйымның барлық мүшелерінің қатысуымен өткізілген IATA-ның Жолаушылар тасымалы стандарттары (Passenger Standards Meeting) жөніндегі кеңесте қолдау тапқанын атап өтті.

Еске сала кетейік, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Нұр-сұлтан әуежайы кодының алты нұсқасын қарастыруда, оның ішінде NQZ бар, деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Мәжілістің отырысында. Алайда, тиісті ақпарат болмағандықтан, министр нақты ешнәрсе айта алмайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, ақпарат ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың қолында.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!