Елімізде жеңіл автокөліктердің саны 67,9%-ға өсті

11:57, 18 шілде 2018
411

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстанда 332 908 жеңіл автокөлік тіркелді. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 67,9%-ға көп, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

2018 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөліктер саны 3828,9 мың бірлікті құрады.

Аталған мерзімде 5565 жол-көлік оқиғалары тіркелген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 3%-ға кем. Жол апаттарынан зардап шеккендер саны – 7800 адам.

2018 жылдың 1 маусымында көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырумен айналысатын сақтандыру ұйымдары 10,1 млрд теңге көлемінде 28 032 төлем жасаған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!