Елімізде тұтынушылық несие көлемі 3,8 трлн теңгеге жетті

15:39, 9 қыркүйек 2019
416

Алматы. 9 қыркүйек. 7kun.kz – Тамыз айының соңында банк секторынан экономикаға несиелер 13,05 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 0,8%-ға көп.

Жеке тұлғаларға берілетін қарыз көлемі бір жылда 21,7%-ға өсіп, қазір 6,01 трлн теңгеге жеткен. Сондай-ақ, жекелеген несиелеуде қарыздардың ең үлкен көлемі тұтынушылық сегментке тиесілі. Мұндағы несие бір жыл ішінде 29%-ға, яғни 3,8 трлн теңгеге дейін артқан.

Экономиканы несиелеудің жалпы көлеміндегі бөлшек несиелердің үлесі 38,1%-ды құрады. Оның 63,2%-ы тұтынушылық несиелер болды. Бұл несие портфелінің 29,1%-ын құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!