Елімізде мұнай өндірудегі құлдырау процесі тоқтады

19:27, 16 ақпан 2017

Енді өсу үрдісі басталады. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өзі басқарып отырған ведомствоның алқа отырысында осылай деді. 

Былтыр біз 78 миллион тонна мұнай өндірген екенбіз. Биыл одан 3 миллион тоннадай артық мұнай аламыз деген жоспар бар. 

Өткен жылы іске қосылған Қашағандағы кеніш уақыт өткен сайын қара алтын өндіруді арттырып келеді. Алдағы жылдары жанар-жағармай дефицитінен де арыламыз. 

Елдегі мұнай өңдеу зауыттары 2018 жылы қайта жаңғыртылып бітеді. Сол уақытта өз сұранысымызды толық қанағаттандыра аламыз. 

Министрдің дерегі бойынша, былтыр көмір өндіру кеміген. Әлемдегі сұранысқа орай уран өндіру де азайған көрінеді. Есесіне, электр энергиясын өндіру артты.  

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі

-Электр энергиясын өндіру көлемі 99,1 миллиард киловатт сағатты құрады. Негізінде тұтынуды артуының арқасында жоспарланған көлемнен 2,7 пайызға асты. Ресейге 1,9 миллиард киловатт сағат электр қуаты экспортқа шығарылды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!