Елімізде 8,7 млн адам жұмыспен қамтылған

09:32, 13 ақпан 2019
785

Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz – Республика экономикасында 2019 жылғы қаңтарда, бағалау бойынша 8,7 млн адам жұмыспен қамтылды, – деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 6,6 млн адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1%) құрады.

2018 жылғы IV тоқсан2 деректері бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 90,9%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 9,1% құрады.

2018 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 442,5 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2019 жылғы қаңтарда айының соңында 111,0 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күші санының 1,2%-ін құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!