Елімізде халықтың 30%-ын жастар құрайды

16:18, 22 мамыр 2019

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанда халықтың 30%-ын балалар мен жасөспірімдер құрайды. Сәйкесінше баспанаға да сұраныс та артқан: ел тұрғындарының төрттен бірі бір үйде тұрып жатыр, тіпті бұдан да көп болуы мүмкін,- деп жазады Finprom.kz.

Жыл басында елімізде 15 жасқа дейінгі 5,49 миллион бала мен жасөспірім болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,9%-ға, ал бес жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 17,3%-ға артық. Қазіргі таңда ел халқының 29,9%-ын жастар құрайды. Аталған көрсеткіш 2018 жылы – 29,4%, 2014 жылы 27,3% болатын.

Еліміздің 17 өңірінің 8 аймағында балалар мен жасөспірімдер халықтың 30%-нан асып отыр. Қазақстандағы жастар ең көп тұратын өңір –Түркістан мен Маңғыстау облысы. Мысалы оңтүстікте 15 жасқа дейінгі жастар 39,6% болса, ал Маңғыстау облысында 36,6%-ды құрап отыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!