Елімізде бөлшек сауда көлемі 5,4%-ға артты

12:13, 16 тамыз 2019

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 5949,7 млрд теңгені құрады, — деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Бұл көрсеткіш 2018 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 5,4%-ға көп.

Ағымдағы жылғы қаңтар-шілдеде республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (31,7%), Нұр-Сұлтан қаласына (12,2%), Шығыс Қазақстан (8,9%) және Қарағанды облыстарына (8,8%) келеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!