Елімізде бөлшек сауда көлемі артып келеді

10:36, 14 маусым 2019

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда көлемі 3961,1 млрд теңгені құрады, — деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Бұл көрсеткіш 2018 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 5%-ға көп.

Республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (31,7%), Нұр-Сұлтан қаласына (11,7%), Қарағанды (9,4%) және Шығыс Қазақстан облыстарына (9,1%) келеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!