Елімізде азық-түлік қымбаттады

10:28, 2 тамыз 2018

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстан Республикасында инфляция 2,7%-ды құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Баға азық-түлік тауарларына 2018 жылғы жеті айда (2018ж. шілде 2017ж. желтоқсанға) – 2,5%, азық-түлік емес тауарларына – 3%, ақылы қызметтерге 2,8%-ға өсті.

Ағымдағы жылдың басынан (2018ж. шілде 2017ж. желтоқсанға) бағаның өсуі қызылшаға – 35,7%, сәбізге – 34,5%, құмшекерге – 12,1%, мәйекті ірімшікке – 8,1%, консервіленген сүтке – 7,1%, ірімшік және сүзбеге – 6,3%, кофеге – 5,8%-ға, сары майға, ет өнімдеріне – 4,5%-дан, қышқыл сүт өнімдеріне – 4,4%, қой етіне – 4%, жылқы етіне – 3,9%, сиыр етіне – 3,7%-ға, жаңа сауылған сүтке, шошқа етіне 3,6%-дан белгіленді. Бағаның төмендеуі қиярға – 57,3%, қызанаққа – 44,2%, сарымсаққа – 26,7%, жұмыртқаға – 12,3%, тәтті бұрышқа – 10,4%, картопқа 5,9%-ға тіркелді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!