Елімізде 5 айда 88,9 мың тонна тұз өндірілді

11:53, 22 маусым 2018

Алматы. 22 маусым. 7kun.kz – Қазақстандық тұздың үштен екі бөлігі экспортқа шығарылады. Бүгінде «ақ алтынның» сыртқы нарықтарға жеткізілімі бір жылда 27% артты, деп хабарлайды Baq.kz.

Қазақстанда шығарылған тұздың 99%-дан астамы Жақсықылыш тұз өзендерінде өндірілді.

Елімізде қаңтар-мамырда 88,9 мың тонна тұз өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,7% артық.

Жалпы, еліміздегі тұз өндірісінің басым бөлігі Қызылорда облысында шоғырланған, онда «Аралтұз» өндіріс алпауыты жұмыс істейді.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жергілікті өндіріс ошағы елдегі тұзға деген сұраныстың 88,7% жапты.

Қаңтар-мамыр айларында экспорттық жеткізілімдер 27,3% артып, 39,4 мың тоннаға дейін жетті.

«Аралтұз» хабарлағандай, компания ресейлік тұз нарығының 12% жаулап алды. Сонымен қатар, өткен жылы Әзербайжан еліне арал тұзын жеткізу басталды. Бүгінде Қытай елімен осы бағытта келіссөздер жүргізілуде.

Бүгінде қазақстандық нарық толығымен тұзбен қамтылған. Бұл өз кезегінде бағаны ұстап тұруға мүмкіндік беруде. Сонымен, бір жылда 0,4% қымбаттап, ағымдағы жылдың мамыр айында оның бағасы 51,3 теңгені құрады.

Жалпы, сәйкесінше кезеңде азық-түлік тауарларының бағасы 5% қыматтады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!