Әлихан Смайылов Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болды

19:28, 18 мамыр 2020
6788

Әлихан Смайылов Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын», — делінген Ақорда сайтында.

Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы 18 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, мамандығы: қолданбалы математика. ҚР Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын аяқтаған, мамандығы: мемлекеттік басқару.

Еңбек жолын 1993 жылы «А-Инвест» Инвестициялық-жекешелендіру қорында бастады.

1995 жылдың желтоқсаны — 1996 жылдың тамызы аралығында – Алматы қаласы әкімшілігінің Сауда және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы;

1994 жылдың маусымы — 1996 жылдың мамыры аралығында — ҚР Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтының студенті;

1996 жылдың тамызы — 1998 жылдың наурызы аралығында – ҚР Ұлттық статистика агенттігінде басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы;

1998 жылдың наурызы — 1998 жылдың сәуірі аралығында — ҚР Статистикалық жоспарлау және реформа жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары;

1998 жылдың сәуірі — 1999 жылдың қарашасы аралығында – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

1999 жылдың қарашасы — 2003 жылдың ақпаны аралығында – ҚР Статиститка агенттігінің төрағасы;

2003 жылдың ақпаны — 2003 жылдың маусымы аралығында – ҚР Сыртқы істер министрлігінің вице-министрі;

2003 жылдың маусымы — 2006 жылдың қаңтары аралығында – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы;

2006 жылдың ақпаны — 2007 жылдың қаңтары аралығында – ҚР Қаржы вице-министрі;

2007 жылдың қаңтары — 2008 жылдың қарашасы аралығында — «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті;

2008 жылдың қарашасы — 2009 жылдың қазаны аралығында — ҚР Қаржы вице-министрі;

2009 жылдың қазанынан бастап 2014 жылдың тамызы аралығында – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы;

2014 жылдың тамызы — 2015 жылдың желтоқсаны аралығында — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы;

2015 жылдың желтоқсаны — 2018 жылдың қыркүйегі аралығында — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;

2018 жылдың қыркүйегінен – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі. 2019 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары — ҚР Қаржы министрі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!