Әлемге танымал бренд төлемақыны биткоинмен қабылдайды

11:03, 24 мамыр 2022

АҚШ. 24 мамыр. 7kun.kz – Нью-Йорк пен Беверли-Хиллздегі Balenciaga брендтік дүкендері тауар ақысын криптовалютамен қабылдай бастайды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Women’s Wear Daily газеті тұтынушылардың төлемді Bitcoin және Ethereum-мен жасай алатынын атап өтті. Сондай-ақ, balenciaga.com сайтында криптовалюта арқылы сатылым жасауға болады.

Басылым жазуынша, әзірге криптовалюталық төлемдер брендтің Нью-Йорктегі Мэдисон авенюіндегі және Беверли-Хиллздегі Rodeo Drive-тағы флагмандық дүкендерінде ғана қолжетімді. Кейінірек криптовалютамен төлем жасау АҚШ-тың басқа штаттарында да іске қосылмақ.

Айта кетейік, мамырдың басында Лос-Анджелес, Нью-Йорк, Атланта және Лас-Вегастағы Gucci брендінің дүкендері криптовалюталық төлемді енгізді. Әйгілі бренд дүкендерінде криптовалюталардың 10-нан астам түрімен сауда жасауға болады. Оның ішінде bitcoin, Ethereum, Litecoin, Shiba Inu, Dogecoin және т.б.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!