Әлемдік нарықта бал бағасы қымбаттайды

10:16, 27 мамыр 2019

Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz – Ирандағы табиғи апат әлемдегі бал мөлшерінің төмендеуіне әсер етеді, — деп хабарлайды Тehran Times.

Бұл жайында аталмыш елдегі БҰҰ  жанындағы азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілі Герольд Бедекер мәлімдеді.

Иран әлемде бал өндірісі бойынша жетекші елдердің бірі және жыл сайын өндірісті арттырып келе жатыр. Алайда, таяуда Иран аумағында орын алған табиғи апаттан, яғни тасқын-селден 50 мың ара отбасы зардап шеккен болатын. Бұл өз кезегінде әлемдегі бал мөлшерін 600 тоннаға кемітеді. Осыған байланысты балдың бағасы шарықтап, тұрмысы төмен отбасылардың ас мәзірінен жоғалады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!