Әлемдегі ірі қару саудагері қамауға алынды

12:34, 16 тамыз 2019
342

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz — Португалияның Эвора ауданында әлемдегі ірі қару саудагерлерінің бірі бельгиялық Жак Месье қамауға алынды.

2017 жылы ол соғысушы елдерге атыс қаруын, оқ-дәрілерді, танктерді, тікұшақтарды, ұшақтар мен басқа да әскери техникаларды заңсыз жеткізгені үшін сотталған. Ол кезде қылмыскерді үш жылға түрмеге қамау және 300 мың еуро айыппұл төлеу үкімі шығарылды.

Монсье үкімге шағым түсірді, 2018 жылдың қазан айында қайта қарау аяқталғаннан кейін, жаза төрт жылға дейін ұзартылды, айыппұл мөлшері 1,2 миллион еуроға дейін өсті. Осыдан кейін Месье Бельгиядан қашып, Португалияда жасырынған.

Қылмыскердің ізіне түсуге Месьенің Франциядан әкелген жылқысы көмектесті.

БАҚ мәлімдеуінше, соңғы 35 жылда Месье қатыспаған бірде-бір қарулы қақтығыс болған жоқ.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!