Электронды еңбек биржасы жаңа қызмет түрін іске қосты

15:30, 18 маусым 2018

Алматы. 18 маусым. 7kun.kz – Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев электронды еңбек биржасына енгізілген жаңа қызмет түрі туралы әңгімелеп берді. Sputnik Казахстан ақпараты бойынша, алдағы уақытта жұмыс берушілер арнайы порталда жұмыс берушілер жеке кабинетінде интернет арқылы сұхбаттар жүргізе алады.

«Сіздің кәсіпорын Астана қаласында орналасқан, бірақ сіз Алматы қаласында маман бар екенін көрдіңіз делік. Енді ол адамды сұхбаттасудан өтуі үшін Астанаға шақырудың қажеті жоқ. Сіз біздің электронды еңбек биржасының сайтында бейнережимде сұхбат өткізе аласыз», – деді Нұржан Әлтаев.

Электронды еңбек биржасының (ЭЕБ) порталында 70 мыңнан аса жұмыс берушілердің, жұмыспен қамту орталықтарының, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің және жұмыс берушілердің 35 мыңнан аса бос жұмыс орындары қойылған. ЭЕБ қызметін 41 мыңнан астам жұмыс берушілер, 133 мың жұмыс іздеушілер пайдаланды.

ЭЕБ қызметтер аясын кеңейтіп, жұмыс берушінің жеке кабинетінде болжамды жұмыс орындары мен жұмысшылардың жоспарлы босатылуы жайлы ақпараттар орналастыру және онлайн режимде Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жіберу жоспарланып отыр. Сондай-ақ жұмысқа орналастыру бойынша қызметтерді аутсорсингке беру тұрғысынан жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара бірлескен жұмыс жолға қойылмақ.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!