Елде сиыр етінің бағасы қымбаттады

15:41, 7 қараша 2019

Алматы. 7 қараша. 7kun.kz — Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті қазақстандық үш мегаполистің ет жеткізушілері арасында тәртіп бұзушыларды анықтады.

Монополияға қарсы органның деректері бойынша, 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында сиыр етін көтерме саудада өткізетін 14 кәсіпорында Кәсіпкерлік Кодекстің 170-бабында қарастырылған нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттерінің белгілері болған. Оларға 10 хабарлама жіберілді. 10 жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.

Сонымен қатар, статистика органдарының мәліметтері бойынша, сиыр еті бағасының өсуі байқалады. 2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне кіретін сиыр етіне бағаның өсуі ел бойынша 15,5%-ды құрады. Алматыда сиыр етінің құны 25,8%-ға, Шымкентте – 24%-ға, Түркістанда – 23,4%-ға, Нұр-Сұлтанда — 13,4%-ға өсті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!