Ел тұрғындары жаңа көліктерді жиі сатып ала бастады

10:47, 15 қазан 2019
361

Алматы. 15 қазан. 7kun.kz — 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында ресми дилерлер 49 243 автомобиль сатты, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 18,3%-ға жоғары. Есепті кезеңде қазақстандықтар 451,2 млрд теңгені (1,18 млрд доллар) жаңа жеңіл автокөліктерді сатып алуға жұмсады, бұл 2018 жылдың көрсеткішінен 27,1%-ға артық. Бұл туралы «КазАвтоПром» хабарлады.

«Қыркүйекте нарықта тұрақты қалпына келтіру үрдісі жалғасты – өткен айда сату өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен 10%-ға асып түсті. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өсім 18%-дан асты. Жыл басынан бері жаңа автокөліктерді сатып алуға ел тұрғындары 451,2 млрд теңге жұмсады. Сатып алушылардың көпшілігі (56,4%) отандық автомобильдерді таңдайды. Қазақстандық нарықтың жалпы динамикасы қалыпты оң динамиканы сақтап келеді және төртінші тоқсанда түбегейлі өзгерістерге ұшырамайды», — деді Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян.

«ҚазАвтоПромның» хабарлауынша, 2019 жылдың қыркүйек айында сатылым (5 954 дана) өткен жылғы көрсеткіштен 10%-ға жоғары болды. Айдың қорытындысы бойынша құндық мәнде нарық көлемі 54,7 млрд теңгеге жетті (141,3 млн доллар), бұл 2018 жылдың көрсеткішінен 11,9%-ға артық.

Бұл ретте, 9 айдың қорытындысы бойынша 27 795 сатып алушы (56,4%) қазақстандық автомобиль зауыттарының өнімдерін таңдады, 21 448 автокөлік (43,6%) импортталды.

2019 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандықтар арасында ең көп сұранысқа ие брендтердің рейтингісінің бірінші орнында — Lada: республика аумағында 11 092 автокөлік сатылды. Toyota модельдерін сату 10 524 бірлікті құрады. Үшінші орынға сатылған 10 008 автомобиль көрсеткіші бар Hyundai ие болды. Үздік бестік қатарынан KIA (2 358 бірлік) және Renault (1 821 бірлік) маркалы көрінді.

Ең табысты маркалардың TOP-10 құрамына GAZ (1 726 бірлік), Nissan (1 664 бірлік), Ravon (1 576 бірлік), UAZ (1 361 бірлік) және Volkswagen (1 289 бірлік) кірді.

Жалпы, қаңтар-қыркүйек айларында жеңіл автомобильдерді сатып алуда негізгі белсенділікті Алматы (13 097 сатылған автомобиль), Нұр-Сұлтан (9 649 бірлік), Шымкент (3 726 Бірлік), Атырау (3 275 бірлік), Қарағанды (2 956 бірлік), Қостанай (2 859 бірлік), Орал (2 115 бірлік), Өскемен (2 045 бірлік), Ақтау (1 861 бірлік) және Павлодар (1 730 бірлік) тұрғындары көрсетті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!