Ел экономикасы соңғы 8 айда 4,3 пайызға өсті

18:45, 19 қыркүйек 2017
518

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары осындай мәлімет келтірді.

Руслан Дәленов: «Бұл аралықта инфляция едәуір бәсеңдеп, сыртқы саудамыз 30%-ға артты», – дейді. Мал мен құс еті, сосын сиыр сүтін өндіру айтарлықтай ұлғайған. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында 3,1% өсім байқалды. Құрылыста 5,9%, ал өндірісте 8,5% өсім бар. Инвестициялық ахуал да жақсарған. Оған «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламалары оң әсер еткен. Тартылған қаражат ауқымы бойынша көлік пен өнеркәсіп салалары көш бастап тұр. Инвестициялардың 73,7%-ы осы екі саланың үлесінде. Руслан Дәленов: «Жыл қорытындысы бойынша экономика өсімі 3,4% болады», – деген болжамын да айтты.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!