«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келетін қонақтарға ерекше кәдесыйлар ұсынылады

20:31, 16 ақпан 2017
784

Қазірдің өзінде меймандарға базарлық ретінде берілетін 110 түрлі тауардың тізімі жасалды. Естелік заттардың арасында киім-кешектен бастап, қолсағат, тәтті-тәпсекке дейін бар. 

Бүгін арнайы алаңда жетпіс түрлі тауарды тілшілер алдына жайған ұлттық компания өкілдері сәуірде осы өнімдердің жалпақ жұрттың назарына ұсынылатынын айтты. 

Ал әлі де болса өз бұйымын ұсынамын дейтіндерге жол ашық. 

Айдын Әміреев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК коммерциялық департаментінің менеджері:

-Бүгінгі күнде рәсімге өтінімдер келесі санаттар бойынша қабылдануда. Ағаштан және теріден жасалған бұйымдар, ойыншықтар, ересек және балалар киімдері, кондитерлік өнімдер, зергерлік бұйымдар, мобильді аксессуарлар, полиграфиялық өнімдер, тағы да басқа көрменің сайтында орналасқан көптеген заттар. Бұл тауарлар сатылуы көрме аумағындағы арнайы дүкендерде, лицензенттердің өз сауда орындарында, аэропорттар мен ірі сауда орталықтарында жоспарланып отыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!