Экономикалық тергеу қызметі қаржы министрлігінен бөлініп шықты

15:13, 19 шілде 2018

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz – Мемлекет басшысының тапсырмасына сай экономикалық тергеу қызметі қаржы министрлігінен бөлініп шықты.

Жаңа ведомство экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттырмақ. Енді жаңа заңға сәйкес ведомство криминалистикалық бөлімшелердің арнаулы мамандары ретінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірге қылмысты аша алады.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы бекітетін жоғары біліктілік сыныбы тізбесінде басшылық құрамының мәртебесін көтеру мәселелері де қарастырылған. Бұдан басқа, қашықтық мониторинг және мемлекетке залал келтіретін тәуекелді кәсіпорындардың құқыққа қайшы қызметінің жолын дер кезінде кесу де осы жауапты органға тапсырылды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!