Экологтар Атырау мұнай өңдеу зауытына 31,5 млн теңге айыппұл салды

16:20, 12 сәуір 2019

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – Қоршаған ортаны ластағаны үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына шамамен 31,5 млн теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды LS Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен асып кетуі, сондай-ақ зауыттың кейбір жабдықтарының талаптарға сәйкес келмеуі анықталды.

«Бұзушылықтарды жою үшін қондырғының шығу кезінде мұнай өнімдерінің шоғырлануының артуының себебін анықтау және жою, жаңғырту жүргізу арқылы тиімділікті жақсарту жөнінде ұйғарым берілді. Өнеркәсіптік сарқынды суларды бұру және қолданыстағы нормативтік тазартылған ағын суларды жою үшін құбыр салу жобасын әзірлеу және іске асыру қажет», – делінген хабарламада.

Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексінің 331 және 328-баптарына сәйкес әкімшілік іс қозғалды.

Сонымен қатар, қоршаған ортаға эмиссияның белгіленген нормативтерден асып кеткені үшін айыппұл сомасы 31,3 млн теңгені құрайды. Жабдықтарды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 252,5 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, департамент мұнай өңдеу зауыты тарапынан елдің экологиялық заңнамасын бұзу нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залалдың есебін жүргізеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!