Екібастұзда кремний зауыты салынады

18:34, 21 қаңтар 2017

Осы жылдың көктемінде Екібастұз қаласында кремний зауытының құрылысы басталады. Болашақ кәсіпорынның іргетасын қалау жұмысын мамыр айында бастау жоспарланған.

Облыс әкімдігінде өткен жиналыста зауыттың бастапқы жобасы бойынша оның өндірістік қуаты жылына 35 мың техникалық кремний болса, кейін инвесторлар аймағымыздағы инвестициялық қолайлыққа байланысты жобаның жылдық қуатын 135 мың тоннаға дейін ұлғайту туралы шешім қабылданғаны белгілі болды.

«Бізге Екібастұз қаласындағы №1 электр станциясының жанынан 70 гектар жер бөлінді. Сонымен бірге біз станцияның сыртқы электрмен қамту жүйесіне қосылуға техникалық шарт алдық. Яғни біз электр қуатын KEGOC АҚ-ның желісі бойынша емес, тікелей станцияның өзінен алатын боламыз. Сондай-ақ бөлінген жер шикізат орындарына жақын орналасқан. Кварцит Қарағанды облысынан, мұнай коксы Павлодардан, ал ағаш кесінділері Ресейден тасымалданады. Бұл факторлар біздің өнімнің бағасының нарықтық бәсекеге  қабілеттілігін арттырады деп үміттенеміз», – деп хабарлады ANSA Silicon ЖШС өкілі Болат Тоқтасынов

Бұл жобаға құйылған инвестициялардың жалпы көлемі 38 миллиард долларды құрайды. 2019 жылы кәсіпорындағы өндірістің үшінші кезегін іске қосқаннан кейін 600 жаңа жұмыс орыны құрылады.

Айта кету керек, ANSA Silicon ЖШС өкілдері жобаны кеңейтуге байланысты облыс әкімінен қосымша жер бөлуді сұраған еді. 

Бұдан бөлек, инвесторлар кремний өндірісінде аймағымызда өндірілетін кварцитті пайдалануды ұсынды. 

Аймақ басшысы қосымша жер учаскесін бөлу үрдісін жеделдетіп, бір айдың ішінде кәсіпкерлерге Ертіс өңіріндегі қай табиғат ресурстарын алуға болатынын анықтауды тапсырды. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!