Ә.Қаба Сенаттың баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды

15:04, 19 ақпан 2018
515

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz — Парламент Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі болып Әділбек Қаба тағайындалды.

Әділбек Қаба «Арай-Заря» журналында тілші, «Лениншіл жас» («Жас Алаш») басылымның жауапты хатшысы-бас редактордың орынбасары, «Айқын» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары, «Тіл және қоғам» журналының бас редакторы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы аппаратында басқарма бастығы-баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарған белгілі журналист.

2012 жылдан бастап Ә.Қаба Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратында баспасөз бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарып келді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!