«Эйр Астана» Делиге рейстерді толық көлемде жалғастырады

14:57, 16 шілде 2019
209

Алматы. 16 шілде. 7kun.kz — «Эйр Астана» Қазақстан мен Үндістан арасындағы ұшу кестесін толық көлемде қалпына келтіру бойынша жұмысқа кірісті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Пәкістанның азаматтық авиация басқармасының ақпараты бойынша, ел үстіндегі әуе кеңістігі толығымен ашық», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта «Эйр Астана» Алматы-Дели-Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рейс орындайды. Басқа жиіліктердің жаңартылуы туралы қосымша хабарланады, деп түсіндірді компанияда.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың маусым айында әуе компания Үндістан мен Пәкістан азаматтық авиация басқармасы арасындағы келіссөздер нәтижесінде елдер арасындағы әуе дәліздері ішінара ашылғанын хабарлады. Сондықтан, 29 маусымнан бастап тасымалдаушы Алматы мен Дели арасында аптасына 4 рет жиілікпен: сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі бойынша ұшуды қайта бастады.

Бұған дейін Үндістан мен Пәкістан ұшақтардың ұшып өтуі үшін шекара маңындағы аймақтардағы әуе кеңістігін жауып тастады. Пәкістан Исламабад, Лахор, Мултан, Фейсалабад және Сиалкот әуежайларына ішкі және халықаралық рейстерді тоқтатты. Үндістан Амритсар қаласының үстіндегі әуе кеңістігін жапты.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!